Қазақстанда халықтың кірісін арттыру бойынша тиісті шаралар кешені әзірленді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Халықтың кірісін арттыру бойынша 2025 жылға дейінгі қажетті шаралар кешенін бекіту туралы» қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, халық кірісінің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Номиналды кірістердің тұрақты көтерілуіне қарамастан, халықтың табысы азайып барады.

Құжатқа сәйкес, бағдарламаны іске асыру төменде көрсетілген 4 бағыт бойынша іс-шаралар кешенін қамтымақ:

— Халықтың еңбек кірістерін арттыру. Бұл бағыт бойынша жалдамалы жұмыскерлердің еңбек кірістерінің өсуін, еңбек өнімділігін арттыру және өндірістік дағдыларды дамыту жөніндегі жұмыстар қолға алынатын болады.

— Ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың кірістерін арттыру. Яғни, АӨК, өңдеу өнеркәсібін, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жолымен, оның ішінде халықтың дағдылары мен біліктілігін арттыруды және жастарды қолдауға баса назар аударуды ескере отырып, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

— Кірістердің сатып алу қабілетін қорғау. Ол дегеніміз бағаны тұрақтандыру және төмендету, ішкі нарықты молықтыру және халықтың шығындарын қысқарту бойынша шаралар іске асырылатын болады.

— Кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Төртінші бағыт бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу және азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz