Қазақстанның еңбек нарығында қызмет ететіндердің 48,5% — ы әйелдер

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ranking.kz сайты қазақстандағы нәзікжандылар туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 9,8 миллионнан астам әйел бар. Республиканың еңбек нарығында жұмыс істейтін қызметкерлердің 48,5% — ы — дәл осы нәзікжандылар.
Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанда жеке бизнеспен айналысатын әйелдердің де қатары аз емес. Бір жылдың ішінде жеке кәсіпкерлікті басқаратын арулардың саны 47,4% — дан 49% — ға дейін өскен. Нәзікжанжылардың еліміздегі жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі шамамен 40% — ды құрайды.
Қазақстанда ер адамдардың жалақысы әйелдердікіне қарағанда 22% — ға жоғары. Ал қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1% — ға көбірек.
Сондықтан елімізде әйелдерді қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар қолға алынды. Мұндай шаралар гендерлік алшақтықты азайтуға да, тұтастай алғанда елдегі экономика мен қоғамның дамуына оң ықпал етеді.
Қазақстандағы әйелдерді қолдауға арналған жобалардың ішіндегі бірегейлері — Отбасы Банкінің «Ұмай» ипотекасы, «Бизнестегі әйелдер» және «KMF Isker hanymy» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы. Дегенмен, әзірге Қазақстан гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингінде 80-ші орында тұр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 позицияға төмен.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz