Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аққайың ауданындағы туысына қонаққа барған 28 жастағы Петропавл тұрғыны өз телефонына белгісіз қосымшаны орнатып, желі  алаяқтарының құрбанына айналды.  “Банктен түскен қоңырау” схемасы арқылы арбауға түскені анықталды.    Қылмыскер жәбірленушіге қоңырау шалып, оның атына біреудің несие рәсімдеп жатқанын айтып,  телефонына AnyDesk бағдарламасын жүктеуге кеңес берген. Алаяқтың нұсқауы бойынша барлық айтқандарын орындаған әйел банктен қашықтан 5 млн теңгеге несие рәсімдеген.  Оған бөтен адамдар  мазаламауы үшін несиелік лимитті таңдау қажет екендігін, келген sms кодтарды өзіне жолдау маңызды еместігін айтқан.  Несие сомасы  шотынан жоқ болғанын көргесін барып қана алаяқтың құрығына түскенін түсініп, полицияға жүгінеді.

– Әдетте  желілік аферистердің басты мақсаты – жәбірленушінің шоттарына қол жеткізетін кодтар мен құпия сөздерді біліп алу. Егер жәбірленушінің телефонына қашықтан қол жеткізетін қосымша жүктелген болса, алаяқтың арам ойын іске асыруына еш қиындық тудырмайды. AnyDesk — кең тараған бағдарламалардың бірі. Басқа қолданушының телефоныңызды басқаруына толық мүмкіндік береді, келетін sms-хабарламалар қылмыскерлерге бірден белгілі болады, – дейді Аққайың ауданы ПБ бастығы Руслан Сапаров.

Полицейлер адамдарды “банктен түскен қоңырауларға” сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz