Солтүстікқазақстандық Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында еліміздің қоржынынына алғашқы медаль салды. Спортшы биатлон жарысында орта қашықтықта «қола» жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанға сыйлаған жеңісі үшін Александр Герлиц 75 мың АҚШ доллары (шамамен 38 миллион теңге) көлемінде жүлде алмақ. Айта кетейік, Олимпиада және Паралимпиада ойындарында «алтын» медальға ие болған спортшыларға — 250 мың доллар, «күміс» үшін 150 мың доллар беріледі.