Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында өткен кездесуде облыс әкімі Құмар Ақсақалов соңғы оқиғаларға байланысты кәсіпкерлерді туындаған мәселелермен бетпе-бет қалдыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір жетекшісі Президенттің тапсырмасымен Үкімет дағдарысқа қарсы жоспар әзірлегенін, соған сәйкес көліктік логистика және тауарларды, қондырғылар мен жинақтаушы бұйымдарды жеткізу мәселелері жедел шешіліп жатқанын атап өтті.
— Біз бизнесмендермен балама шешімдерді де талқыладық. Сұрақтарды жедел шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер палатасында байланыс орталықтары құрылды. Жағдай біздің жіті бақылауымызда және бизнес қауымдастыққа жан-жақты көмек көрсетіледі, — деді Құмар Ақсақалов.