Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдерді халықпен кездесуге міндеттеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығына сай барлық деңгейдегі әкімдер жыл халықпен кездесулер өткізіп, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етуге және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруге міндетті.
Жарты жылда бір рет облыс әкімі әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада; республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қаланың әр ауданында; аудан әкімі әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын; облыстық және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, кентте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізуге тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz