Жергілікті тексеру комиссиясы өткен жылы атқарылған шаруаны қорытындылады. 2021 жылы мамандар 55 нысанда 21 аудиторлық шара өткізген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нәтижесінде, 2 млрд.теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық қателіктер 4,9 млрд. теңгеден асып жығылады. Комиссия өкілдері қолданған іс-шаралардың арқасында бюджетке 4,6 млрд. теңге қайтарылған болатын. Соның ішінде облыстық қорға қосымша 138 млн. теңге түсті.
716,2 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану фактілері тіркелді. Бағытталған қаражатты тиімсіз жоспарлау – 601,4 млн. теңге, бюджеттің тікелей шығындары – 33,7 млн. теңге, 314 рәсімдік және 4 жүйелік бұзушылық әшкереленді.
Тексеріс қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін аудит объектілеріне 86 ұсыным мен тапсырма берілді, оның ішінде 65-і орындалып үлгерді. 17 ұсыным заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Бұзушылықтарға қатысты 284 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 170-не – әкімшілік, 114-не тәртіптік жаза қолданылды. 3,9 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл тағайындалған.