Зейнеткер алаяқтың арбауына түсіп қалды

Авторы: Qyzyljar News

Жалған сөйлеп, азаматтардың ақшасын қағып кететін алаяқтар азаймай тұр. Осы жолы пысықайлардың құрығына Есіл ауданының 68 жастағы тұрғыны түсіп қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Зейнеткер әйелге қоңырау шалып, баласының оқыс жағдайға тап болғанын хабарлаған алаяқ, қылмыстық іс қозғамау үшін 100 мың теңге талап етіпті. Зейнеткер ұлына қоңырау шалған, алайда, жұмыстан қолы босамай жатқан ол анасына жауап бере алмаған.

Қорқып кеткен анасы қылмыскердің өтірігіне сеніп, бар талабын орындаған. Қолда бар соңғы ақшасын жинап, көрсетілген нөмірге жолдапты. Кейін сан соғып қалғанын түсініп, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Алаяқ Ақмола облысының 44 жастағы тұрғыны. Бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған.

-Күдікті жәбірленушіге келтірген шығынын толығымен өтеді. Жалпы, қазіргі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың бұл түрі сирек кездеседі. Дегенмен, барынша сақ болу керек. Бейтаныс жандар хабарласып, ақша сұраса, сөздеріне сенбеу қажет. Осыған ұқсас жағдай орын алып жатса, дереу полицияға хабарлаған жөн,-дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz