Петропавл тұрғыны шыныдан әсем бұйымдар әзірлейді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық Марина Дюркич шыныдан көздің жауын алатын әсем дүниелерді дайындаумен айналысады. Сегіз қырлы, бір сырлы жерлесіміздің қолынан шыққан заттар халық арасында аса сұранысқа ие, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Талант иесі фьюзинг технологиясының қыр-сырын өздігінен, ғаламтордағы бейнесабақтарға қарап меңгерген. Уақыт өте келе қажетті құрал-жабдықтарды шетелден арнайы сатып алып, іске кіріскенін айтады. Қазір оның қолы босай қалса, бірден шыны кесіп, әртүрлі бұйымдарды жасай бастайды.

-Алдымен шыныны кесіп, қажетті пішінге келтіру қажет. Кейін ол желіммен жапсырылады. Ал дайын болған дүние арнайы пешке салынады. 4-5 сағат белгілі температурада тұруы керек. Кейін пешті мүлдем қозғауға болмайды. Өйткені жасаған бұйым бір тәуліктей суып тұрады. Егер пешті ертерек ашып қойсақ, шыны жарылып кетуі мүмкін,-деді Марина.

whatsapp image 2022 03 09 at 18.10.21 whatsapp image 2022 03 09 at 18.10.22 1 whatsapp image 2022 03 09 at 18.10.22

Өнерлі солтүстікқазақстандық жасаған туындылар қаншама байқауда үздік деп танылып, көрермендердің бағасын алып жүр. Жерлесіміздің бұйымдары тіпті, Ресей жұртшылығы арасында да сұранысқа ие. Дегенмен, қазіргі таңда Марина сүйікті ісімен сирек айналысатын болған. Оның орнына бар уақытын немересіне арнайды. Оған қоса, нунофелтинг техникасын меңгеріп жүр.

whatsapp image 2022 03 09 at 18.10.23 whatsapp image 2022 03 09 at 18.10.23 1

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz