Петропавлдағы түнгі дәмханалардың бірінде жалаңаштанып билеп, жат қылық көрсеткен 21 жастағы қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавлдағы көңіл көтеру орындарында рейд жүргізді.
Жуырда әлеуметтік желілерде мас күйде билеп, тұрғындардың ашуына тиген қыз туралы бейнематериал тарады. Бұл жайт Абай көшесіндегі диско-барлардың бірінде түсірілген. Тәртіп сақшылары рейд барысында оқиғаның анық-қанығына көз жеткізді, ақпарат расталды. Көңіл көтеруге келген 21 жастағы тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.