Сайыс қалалық Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Ән байқауында 23 ұл-қыз өз бағын сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Конкурстың негізгі мақсаты – ән мәдениетін жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойында өнерсүйгіштік қасиетті дамыту, сондай-ақ, жұртшылыққа жаңа есімдерді, сахнаға енді-енді шығып келе жатқан жас әншілерді таныстыру.
Дәстүрлі ән байқауында қатысушылар «кіші» және «үлкен» екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «кіші» топтан Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернатының оқушысы Замир Ержан үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды.
Ал Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушылары Мадина Серік пен Нұрай Нұрхан 2 орын қуанышын бөлісті.
Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушысы Ислам Күйтанов, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушысы Сардар Құзыр, Жұмабек Ташенев атындағы №20 мектептің оқушысы Батырхан Құрдан 3 орынға жайғасты.
«Үлкен» топтан Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушылары Ілияс Есмұратұлы, Талғат Ерболатов сондай-ақ, Тимирязев ауданындағы «Өнер» мектебінің оқушысы Гүлнұр Супиева 3 орынды иеленді.
2 орын Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушысы Мұхаметәлі Хәкім мен Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушысы Өмірұзақ Еркешке бұйырды.
Бірінші орын Ақжар ауданы «Серпер» өнер мектебінің оқушысы Аружан Елубайдың қанжығасына байланды.
Ал бас жүлдені Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушысы Исламия Серікқазы жеңіп алды.