азақстан құрамасынан Паралимпиада ойындарындағы биатлон жарысына (10 шақырым) қатысып жатқан жалғыз спортшы Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық биатлоншы жарыс жеңімпазынан 1:25.6 көрсеткішпен артта қалды. Бұған қоса 3 рет мүлт кеткен. Бірінші орынды канадалық Марк Арендз алса, күміс медаль украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.
Бұл паралимпиада ойындарындағы Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде екенін естеріңізге сала кетейік.