Жаңа технологиялар: инсультті 10 минутта анықтау мүмкіндігі пайда болды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы облыстық көпбейінді ауруханада «Cerebra» жасанды интеллект жүйесі таныстырылды. Автоматтандырылған жүйе инсульт ауруын бар болғаны 5-10 минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған платформаны жасап шығарған мамандардың айтуынша, Қазақстанда жылына 40 мыңға жуық адам инсульттан көз жұмады. Ал дерттен аман қалғандардың 80%-ы мүгедектер арбасына танылады екен. Осыған дейін инсультты ерте деңгейде анықтау біраз қиындық туғызатын еді. Енді жасанды интеллект жүйесі аурудың алдын алып, біраз адамның өмірін сақтауға септеспек. «Cerebra» жобасы 10 ақ минуттың ішінде мидағы қан айналымының бұзылуын анықтауға және инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін есептеуге жәрдемдеседі.

whatsapp image 2022 03 11 at 16.41.27

-Алдымен пациент компьютерлік томографиядан өтуі қажет. Кейін дайын болған сараптама нәтижесі интеллект алгоритмдерімен талданады, — деп түсіндірді платформаны жасаушылар.

Айта кету қажет, компьютерлік томография кезінде инсульт ауруы жасырынып, анықталмауы әбден мүмкін. Ал жасанды интеллект жүйесі арқылы сырқаттың бар-жоғы нақты көрінеді.
Жаңа технологияның көмегімен елімізде алғаш 71 жастағы қазақстандыққа ота жасалды. Науқас аурухананың қабылдау бөліміне сол жақ денесі мүлдем қимылсыз, бетінде ассиметриямен және құлағы еш естімейтін жағдайда түскен болатын. Отадан кейін жағдайы едәуір реттеліп, екі аяғын тең басатын деңгейге жетті.

«Cerebra» платформасы компьютер, планшетке, смартфонға да орнатыла береді. Мамандардың ондағы деректеріне өзгерістер енгізіп, әріптестерінің қорытындыларын көруіне мүмкіндік бар. Сонымен қатар, талдау нәтижелерін әп-сәтте көріп, танысуға болады.
«Cerebra» жүйесінде көрсетілген анализдердің көмегімен дәрігерлер пациентке қандай ем-дом қолдану керектігін нақты біле алады. Заманауи жүйеге өңір бойынша Петропавлдағы облыстық көпбейінді аурухана бірінші болып қосылды. Жалпы 20 дан астам инсульт орталығы «Cerebra» бағдарламасын қолданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz