Облыстағы гидробекеттер су тасқынына дайындалуда

Авторы: Qyzyljar News

Наурыздың 9-ы мен 25-і аралығында «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының гидрологтары өңірдегі гидробекеттер желісін жоспарлы бақылау шараларын ұйымдастыруда. Негізгі мақсат — гидробекеттерді бір сарынға түсіру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нысандардың жұмысын бір қалыпқа келтіру — су деңгейін бақылау жүргізілетін өлшегіш құрылғылардың жұмысын анықтау үшін жасалады.

Аталған іс-шаралар нысандардың жай-күйі, су тасқыны кезіндегі нақты деректерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ су тасқынына байланысты гидробекеттердің қызметкерлерін оқыту жоспарланған. Бұған қоса тексерілген өлшеу құралдары орнатылады. Бұл ақпараттардың нақты болуына септеседі, дейді мамандар.
Жалпы өңірде барлығы 19 гидробекет бар. Оның екеуі — Сергеев және Петропавл су қоймасында орналасқан. Біреуі — Үлкен Тораңғұл көлінде, ал 16-сы — Есіл өзенінің бойында орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz