Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен СҚО-ға келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елордалық мейман Оқушылар сарайында жас өнертапқыштардың IT жобаларымен танысып, кейін Петропавлдағы «С.М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамына ат басын бұрды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқушылар сарайының қосымша білім беру жүйесіне қосып жатқан үлесі орасан. Бүгіндері аталмыш оқу ғимаратында жұмыс істеп жатқан 92 үйірмеге 2600-ден астам бала барып жүр. Оның 1000-ға жуығы IT технологияларға бағытталған секцияларда тәлім алуда. Бағдат Мусин талапты жеткіншектердің жобаларымен танысып, оң бағасын берді.

whatsapp image 2022 03 11 at 18.11.27whatsapp image 2022 03 11 at 18.11.28whatsapp image 2022 03 11 at 18.11.29

– Осыдан 10 жыл бұрын біз электрқуатымен жүретін көліктерге таңғалып жүрдік. Мұндай техниканы шығаруға болатынын да болжамаған едік. 21 ғасырдың дамыған технологиялар дәуірі екеніне күн сайын көз жеткізіп келеміз. Біз де көштің соңында қалып қоймай, өркениетті елдерге ілесуіміз қажет. Ол үшін жас өнертапқыштар мен ғалымдардың әлеуетін пайдаланып, жаңа жобаларды қолға алу маңызды, – деді Бағдат Мусин.

Кездесу барысында Бағдат Мусин Оқушылар сарайы жанынан IT мектеп ашуды қолға алу керектігін айтты. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті АҚШ-тың Аризонадағы жоғары оқу ордасымен тығыз қарым-қатынасты орнатқанын тілге тиек етті.

– Аризона университеті әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Алдағы уақытта біздің өңірде бұл білім ошағының IT факультеті ашылады. Бүгіндері Петропавлда оқу-зертханалық корпусы салынып жатыр. Оған барлық қажетті қондырғылар шетелден жеткізіледі, – деді Құмар Іргебайұлы.

whatsapp image 2022 03 11 at 18.11.24whatsapp image 2022 03 11 at 18.11.26 1

Министр «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамының жұмысымен де танысты. Мейманға кәсіпорынның әлеуеті туралы толыққанды мәлімет беріліп, қолға алынған жаңа жобалар жайлы айтылды. Өткен жылдың соңында зауыт нысандарға рұқсатсыз кірудің алдын алу мақсатында «ZIK-Скуд» жүйесін ойлап тапты. Әзірге, бұл қондырғы тек облыстық полиция департаментіне қарасты 5 бөлімде қойылған. Өзге бақылау жүйелерінен бір ерекшелігі онда бейнекамера арқылы биометриямен адамды анықтау функциясы бар.

whatsapp image 2022 03 11 at 18.27.22 2whatsapp image 2022 03 11 at 18.27.22 1 whatsapp image 2022 03 11 at 18.27.22 3whatsapp image 2022 03 11 at 18.27.22

Осыдан екі жыл бұрын зауыт ноутбуктер мен компьютерлерге арналған платаларды құрастыруды қолға алған болатын. Екі жыл ішінде кәсіпорын 8 млрд. теңгенің өнімін шығарып үлгерді.

Облыс орталығындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында да IT технологиялар қолданылып келеді. Аталмыш мекеме басшысы Евгений Зубковтың айтуынша, жүргізуші куәлігін алу мақсатында тест тапсыруға келгендерді бақылау жүйесі күшейтілді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына күн сайын 70 шақты адам келіп, теориялық және тәжірибе жүзінде емтихан тапсырып жатады. Статистикаға сәйкес, олардың тек 20-сы ғана көптен күткен жүргізуші куәлігіне ие болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz