ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елімізде 64 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сырқаттанғандардың басым бөлігі – алматылықтар. Оңтүстік астанада 31 тұрғынның бойынан COVID-19 анықталды. Біздің өңірде 12 адам қауіпті індет жұқтырған. Нұр-Сұлтанда 8 елордалық науқастанды. Ал республиканың 7 облысында бір-бір жағдайдан ғана тіркеліп отыр. Қуантарлық жағдай, бес өңірде ешкім вирус жұқтырмаған.
Қазақстанда «сары» және «жасыл» аймақтағылар үшін «Ashyq» жүйесін қолдану енді міндетті емес. Сондай-ақ, арақашықтықты сақтап, мекемеге кірер алдында дене қызуын өлшеу әрі ашық жерлерде медициналық маска тағу тәртібі алынды.