Петропавлдағы НЗМ оқушысы каратеден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Есқалиев Түркияда ашихара-каратеден өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дүбірлі додаға әлемнің 20 елінен жиналған каратешілер қатысты. Қазақстанның намысын эншин карате федерациясының 60 спортшысы қорғаған. Нәтижесінде, олар еліміздің қоржынын 16 алтын және осынша күміс, сондай-ақ 7 қола медальмен толықтырды.
Петропавлдық Нұрсұлтан Есқалиев болса, 60 келі салмақ дәрежесінде, 16-17 жас аралығында өнер көрсеткен.

— Сайыс барысында кейбір жерлерде қателіктер жіберіп, ережені бұзған кезім де болғаны рас. Сонда да, көрсеткен нәтижем өзімнің көңілімнен шықты. Бастысы үлкен тәжірибе жинадым, — дейді 10 «D» сыныбының оқушысы Нұрсұлтан Есқалиев.

Мектеп оқушысы эншин каратеден Қазақстан чемпионы атанған. Осы жолы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атағы қосылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz