Үкімет пен Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Үкіметі соңғы кездері халық арасында «алдағы экономикалық проблемалар» туралы алыпқашпа әңгіменің тарауына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруда. Мемлекеттік бюджет есебінен депозитке сыйақы аударуды көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қолға алынды.

 

-Екінші деңгейлі банктерде 2022 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңге немесе 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтер қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақытылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктердің өтімділік бойынша пруденциялық нормативтері реттеушінің ең төменгі талаптарынан төрт еседен астам артық, — делінген ресми мәлімдемеде.

 

Жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Қаңтар айында халықтың теңгедегі жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы жоғарылады.

Жалпы, Үкімет халықты үрейге салынбауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz