СҚО-да қант тапшылығы жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі күні тұрақтандыру қорында 500 тонна қант бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша,  бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылы қаржыландыру 800 млн. теңгеден 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу да 1,5 есеге артты.
Олардың арасында қант та бар.

-Өңірдегі сауда орындарында айына 82 тонна қант сатылады. 500 тоннасы қоймада, көтерме саудамен айналысатын жергілікті кәсіпкер жуырда 202 тонна сатып алды. Жақын күндері жеткізіледі. Осыны есепке алсақ, қант қыркүйекке дейін жетеді, деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев.

Оның айтуынша тұрғындар  алыпқашпа әңгімеге еруінің салдарынан 10-12 наурызда 30 тонна қант сатып алған. Ал бұрындары тәулігіне 1 тонна ғана өтетін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz