Жыл басынан бері мамандар Петропавлдағы аулаларда заңсыз орнатылған 38 гаражды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік нысандар мен жылу магистральдары жанында орналасқан, асфальттауға кезекте тұрған аулалардағы гараждарды алып тастауға ерекше назар аударуды тапсырды, — деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2019-2021 жылдар аралығында Петропавлда 767 гараж алынды, биыл тағы 430-ын сүру жоспарланған.