Ертең ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің «Facebook»-тегі парақшасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.