Үкімет Петропавл қаласының бас жоспарын бекітті

Авторы: Qyzyljar News

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған тиісті қаулы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжатта Петропавлдың бас жоспары 2035 жылға дейін деп көрсетілген.

-Петропавл қаласы ауыл шаруашылығы, машина жасау өнімдерінің, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының халықаралық көрмелерін өткізуге арналған жоғары дамыған қонақүй, мейрамхана және көрме кешендері бар шағын бизнес орталықтарының, бизнес-инкубатордың, технологиялық парктердің желісімен қалыптастырылған халықаралық сауда орталығы ретінде қаралады. Петропавл қаласын дамытудың мақсаты барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты сенімді инженерлік-көлік инфрақұрылымы бар тұрақты және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады», – делінген жобада.

Әзірлеушілер қала аумағы шектеулі екенін алға тартады. Мәселен, орман алқабы мен әуежайдың шекті аймағы шаһарды оңтүстік бағытқа қарай дамытуға мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде өнеркәсіптік аймақтар қаланың шығыс бағытын шектейді.

-Осыған байланысты дамудың басым бағыттарының бірі ретінде бүгінгі күні қала шекарасындағы бос аумақтарды барынша игеру және құндылығы төмен тұрғын үй қорының орамдарын қайта жаңарту болып табылады, – деп көрсетілген жобада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz