489
Өткен тәулікте ел бойынша 85 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы әлі де жұқтырушылар саны бойынша алда.Онда өткен тәулікте 32 адамнан ауру белгілері байқалған. Солтүстік Қазақстан облысында 8 адамның ауруға шалдыққаны белгілі болды.
Еліміздегі 4 облыста ауру фактілері тіркелген жоқ.
Жалпы Қазақстанда барлық өңірлер «жасыл» аймақта.