Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгіндері елімізде 2 миллион 246 мыңнан астам зейнеткер бар. 1-наурызда Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 105 538 теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді.

— 2022 жылдың ақпанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 миллиард, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 миллиард теңге жұмсалды, — деп хабарлады министрлік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz