Бүгінгі Жолдаудың маңызы айрықша

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауын жолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

-Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, — деді Президент.

Мемлекет басшысы жылдың басты құжатында қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты мәселелерге де жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде ел тұтастығын сақтау жолында жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға ұмтылған жоғары лауазымдағы азаматтардың сатқындығы жанына батқанын атап өтті. Сондай-ақ ел дамуында саяси жаңғыру болуы керектігін атап өтті.

-Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе, деді Президент.

Заң билікке де, халыққа да бірдей. Біз бағыт алған жолдан таймаймыз, керісінше, өмірдің барлық салаларындағы жүйелі қайта құруларды жеделдетеміз. Саяси трансформацияда адалдық пен әділдікті қалыптастырамыз. Мемлекет мүддесін ұмытып адал жолдан айнығандар заңмен жазаланатынын атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жаңадан 3 облыс құрылатынын мәлімдеді. Бұрынғы Семей облысы қайта құрылып, орталығы Семей қаласы, Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласы және Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Жетісудың орталығы Талдықорған, Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Егер халықтан Қапшағай қаласына Қонаев есімін беру туралы өтініш түссе қолдайтынын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құрылатынын жеткізді.

-Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады, — деді Мемлекет басшысы Жолдау барысында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz