Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан билігі Парламенттің рөлін күшейтуді қолға алмақ. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымзды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз, делінген Жолдауда.

— Осыған орай күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз, — деді Президент. Қ. Тоқаев Қазақстанда суперпрезиденттік басқару нысаны еліміздің бастапқы кезеңінде орынды болғанын да атап өтті. -Тек бастапқы кезеңде ғана емес, 30 жыл бойы белгілі бір деңгейде орынды болды. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Қоғам өзгеруде, ел өзгеруде. Оған біздің саяси жүйеміз де бейімделуге тиіс. Қазір бәрі Президентке келіп тіреледі, бұл дұрыс емес. Мұндай тәжірибеден біртіндеп кету керек. Мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері мен үшін биліктің қосымша тетіктерінен және ситуациялық ықпалдан да маңыздырақ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Мұнда ең алдымен, суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы айтылып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының қолайлы теңгерімін қамтамасыз етеді және елдің орнықты дамуына ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады, деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz