Президент Үкіметке шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазақстан өзінің заманауи тарихында геосясаи ахуалдың шұғыл шиеленісуімен байланысты теңдессіз қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келді. Қатаң санкциялық текетірес қазірдің өзінде елеулі шегіністерге әкеліп жатыр. Тек жекелеген елдерге ғана емес, бүкіл ғаламдық экономикаға әсер етуде. Жағдай жылдам өзгеріп жатыр, тіпті сағат сайын деуге болады. Әлемдік нарықтарда белгісіздік пен турбуленттілік деңгейі артуда. Елімізде ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті бүкіл резерв пен тетіктер бар. Үкімет шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуы керек. Бәрінен бұрын ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек, — деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақтандыру қорына форвардтық сатып алу керек деді. Бұл тауар тапшылығын болдырмауға тікелей әсер етеді.