«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 15 наурызда облыс бойынша қардың қалыңдығы 5-38 см болды. Ақ ұлпа Аққайың, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда қалың. Ал Ақжар мен Тайынша аудандарында аз түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сергеев су қоймасындағы су қоры нормадан 28 пайызға көп, бірақ өткен жылғыға қарағанда 33 пайызға аз. Су деңгейі ақырындап төмендеп келе жатқанын айта кеткен жөн. Қазір ол 78 пайызға толған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға аз.
-Қардың қалыңдығын өлшеу жұмыстары көктемде, яғни ақ ұлпа ерімей тұрып және қар еріп жатқан кезде жүргізіледі. Кейін апта сайын тексеріледі. Қазір жағдай тұрақты, – деді метеорологтар.