2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 3,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Авторы: Qyzyljar News

2021 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында 3,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 79 хабар келіп түсті. 24 жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін актілер жазылды, 15 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 6 заңсыз тексерудің күші жойылды, тағы 7 тексеру заңсыз деп танылды.
Биыл тексеруші органдар қызметінде заңға қайшы әрекеттердің жасалғаны белгілі болды. Яғни, олар заңсыз тексерулер жүргізіп, кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

– Сондай-ақ, прокуратураның араласуымен құрылысты тоқтата тұру туралы тыйымның күші жойылды, жұмыс қайтадан жанданды. Қадағалау актісімен карантин кезеңінде демалыс күндері дәмхананың жұмысын шектейтін әкімшілік кедергілер жойылды. Бұл оларға өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді. 12 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Тимур Құртаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz