Біз халықтың сенімін ақтауымыз керек: Әлихан Смайылов министрлерге тапсырма берді

Авторы: Qyzyljar News

«Біз Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын Мемлекет басшысының бекітуіне енгізуіміз керек». Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жедел іске асыруды тапсырды. Олар ел экономикасын қолдауға бағытталған. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар жобасын Үкіметке 25 наурызға дейін енгізуді тапсырамын, – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов егіс науқанын жүргізуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

– Біз өткен жылдағыдай жем-шөптің тапшылығына жол бермеуіміз керек. Әкімдіктер ағымдағы жылы жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайтуы тиіс. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер алқаптағы жұмыстардың барысы мен әлеуметтік маңызы бар өнімдер туралы жұртшылықты кеңінен хабардар етуі қажет, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды журналистік және сараптамалық қоғамдастықпен талқылай отыра, қайта қарауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz