Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградамен марапаттап, қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Әз Наурыз табиғатты түлетіп, тіршілікке нәр береді, жаңару мен жаңғыруға үндейді. Мен күні кеше ғана халыққа жолдауымды жариялап, Жаңа Қазақстанды құруға жол ашатын маңызды бастамалар ұсындым. Мұның бәрі – елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы, қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.