Паралимпиадашы Александр Герлицке пәтер кілті мен 5 млн. теңгенің сертификаты табыс етілді

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Бейжіңдегі Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды құттықтады. Жиында өңір басшысы дүбірлі додада жалғыз қола медальді жеңіп алған Александр Герлицке пәтер кілті мен 5 млн. теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

– Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына Ұлттық құрама сапында 40-тан астам спортшы қатысты. 4-уі облысымызың намысын қорғап, үздік атлеттермен терезесі тең өнер көрсетті. Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев пен Иван Аржанников жеңіске жету үшін барын салды. Парабиатлоннан Александр Герлиц қола жүлдегер атанды. Сіздерді өңір тұрғындары мақтан тұтады. Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыра алатындарыңызға сенімдімін, – деді Құмар Ақсақалов.

 

Олимпиада мен Паралимпиада ойындарында бақ сынаған басқа да спортшыларға Құрмет грамоталары мен 1,5 миллион теңгенің сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, жерлестеріміздің жаттықтырушыларына да сыйақы берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz