Петропавлдағы әскери институт академия болды

Авторы: Qyzyljar News

Үкіметтің биылғы 2 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институты Ұлттық ұлан академиясы болып қайта құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Салтанатты рәсімге Ұлттық ұланының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев қатысты.

– Өз дамуында жоғары әскери училищеден әскери институтқа дейін өткен және академияға айналған оқу орнының түлектері құқық тәртібі әскерлерінде ғана емес, еліміздің барлық күш құрылымдарында қызмет етеді. Бұған Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан басшылығы, институт қолбасшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам тарапынан отандық әскери кадрларды даярлау ісіне қойылған жоғары талаптардың арқасында қол жеткізілді, –деді Әлібек Сералиев.

Іс-шара барысында Ішкі істер министрі мен Қорғаныс министрі, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан академия қызметкерлері мен ардагерлерге медальдар, грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери шен берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz