Тәртіп сақшылары облыстың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының мамандарымен бірге «Facebook» әлеуметтік желісінде онлайн форматта кездесу, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгінде облыс аумағында 700-ден астам террористік тұрғыдан осал нысан бар. Олардың үштен бірі – сауда-ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, тамақтану орындары және адамдар көп жиналатын ғимараттар. Тәртіп сақшылары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы алаңында бизнес өкілдеріне террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттейтін заңнама нормалары туралы айтты. Техникалық жарақтандырудың қажеттілігі атап өтілді. Аумақтың бейнебақылаумен толық қамтылуы, адамдар күзеті мен пульттік күзет – террористік шабуылдан қорғауға ықпал етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтауға да көмектеседі.
– «Дабыл батырмасын» орнату мәселесі де жеке қаралды. Бүгінгі таңда облыста террористік тұрғыдан осал объектілердің басым бөлігіне қойылды, алдымызда 100 пайызға дейін жарақтандыру міндеті тұр. Бұған қоса, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаудағы шешуші сәттердің бірі – терористік қауіп туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттер алгоритімін білуі. Қызметкерлер мен әкімшілікке арналған әдістемелік ұсыныстар кездесу қатысушыларына үлестірілді, – деді полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.