532
Мұржаның жартылай құлауына қатты жел себеп болған деп хабарлады Qyzyljarnews.kz. тілшісі СҚО ТЖД -не сілтеме жасап.
Құлау сәтіне дейін 4 қазандық агрегат және 5 турбоагрегат жұмыс істеп тұрған. Сағат 19: 30-да екі қазандық пен үш турбоагрегат сөндірілді. Сағат 00: 00-де екі резервтік қазандық агрегатын іске қосу жоспарлануда.
Қазір оқиға орнында жедел топ, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.