Президент СҚО әкіміне тапсырма берді
Кеше бір мұржасы жартылай құлаған Петропавлдағы жылу электро орталығының жағдайын Президент пен облыс әкімі талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгін Қасым- Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі апаттың салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Мұржаның құлауы салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу өшіп қалды.
Облыс әкімінің айтуынша, жұмыс тобы құрылды. Оған әкімдік, ТЖМ мен басқа да құзырлы мекеме өкілдері кірді. Қазіргі күні ЖЭО меншік иесінің келуін күтіп отыр.
Әңгіме соңында Мемлекет басшысы жылуды қосуды тездетуді тапсырды.