Қазақстандықтар байдарка мен каноэде есу слаломы бойынша ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жеңіс тұғырының бірінші сатысына Влада Тараданова, Анастасия Ананьева, Қуаныш Еренғайыпов, Әділ Аманбаев, Екатерина Таранцева, Виктория Моисеева жайғасты.
Сондай-ақ, отандық құрама үш рет командалық жарыста екінші болып келді.
Ал жеке жарыста Қуаныш Еренғайыпов, Александр Куликов пен Александр Коробов, Екатерина Таранцева күміс медаль еншіледі. Анастасия Ананьеваға қола жүлде бұйырды.