Қазақстанда мұнай экспорттаудың басқа бағыттары қарастырылуда

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгіндері Қазақстан баламалы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау мүмкіндігін пысықтап жатыр. Бұған Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуі себеп болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрліктің ақпаратынша, Новороссийск аумағында жылдамдығы 35 м/с қа жеткен қатты жел Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына кері әсерін тигізген.
22 наурыздағы кезектен тыс тексеру қорытындысы бойынша арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткені белгілі болды. Одан бөлек, арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені анықталған. Сондықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

-Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz