Мамандар Бескөл ауылына кіріп кеткен елікті қорыққа жіберді

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН
  1. Бүгін Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы тұрғын үйлердің ауласына сібір елігі кіріп кетті. Қалың түскен қардың кесірінен тебіндей алмай ашыққан қыр еркесін мамандар қорыққа жіберді,    деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Рахметов Бескөл аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы Юрий Побережникпен бірге елікті ұстап,   мемлекеттік табиғи қорық аумағына жіберді.

-Жабайы жануарды ұстау қиынға соқпады. Қашып кетпек болып, қоршауға қыстырылып қалған сәтте құрықтадық. Еш жері жараланған жоқ. Шамамен екі жаста. Кейін, қайтадан орманға жібердік. Жалпы, жануарлар аш деп айта алмаймын. Себебі мен өзім аптасына бірнеше рет қорыққа барып тұрамын. Жабайы жануарлар салған азықты уақытылы жеп үлгермейді. Қызылжар ауданы бойынша былтыр алты мың дана қайың жапырағынан жасалған сыпыртқы,  жүздеген орама шөп және бірнеше тонна дәнді дақыл дайындадық, — дейді Бескөл аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы Юрий Побережник.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz