Экология мәселесі басты назарда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министр Петропавлдағы «Севказэнерго» акционерлік қоғамының №2 жылу-электр орталығының жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызды нысанның қоршаған ортаға тигізер әсері жайлы баяндады.

– Облыс аумағында қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отырған кәсіпорынның бірі – жылу-электр орталығы. Бүгіндері ауаны ластайтын газдардың 70 пайызы осы орталықтан шығады. Еліміздің экологиясына нұқсан келтіретін 10 қала бар екенін білесіздер. Олардың қатарына Петропавл кірмейді. Дегенмен, орталықта әлі де шешілмей жүрген екі мәселе бар. Оның бірі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін азайту болып отыр. 2020 жылы зиянды газдың 40 мың тоннасы шығарылса, былтыр 25 мың тоннасы ауаға тарады. Оң динамика байқалады. Алайда әлі де жұмысты күшейту қажет. Екінші мәселе – жағылған көмірдің күл-қоқысын сақтау, – деді Серікқали Брекешев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пластмасса бұйымдарын жасайтын цехына да барды. Онда елордалық меймандарға кәсіпорынның жұмысы таныстырылды. Жылына компания 4 мың тоннаға жуық өнім шығарады екен. Министр «Жасыл экономика» қағидаты негізінде ел нарығында қызмет етіп жүрген серіктестікке оң бағасын берді.

Министр бастаған топ «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәріз-тазарту нысанына соқты. 1979 жылы салына бастаған жүйе 1991-1996 жылдар аралығында кезең-кезеңмен қолданысқа берілді. Биыл ол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық қазынадан қажетті қаражат көзі қарастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz