СҚО-да 5 жазасын өтеуші абақтыға телефондарды кіргізбек болды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды енгізу әрекетінің алдын алды. Аталған мекемеге жазасын өтеу үшін жеткізілген адамдарды қабылдау кезінде 5 Nokia ұялы телефоны, бір Samsung Duos ұялы телефоны, бір Activ абонентінің және екі Altel абонентінің sim-картасы табылды. Түзету мекемелерінде тыйым салынған заттарды алып кіруге және сақтауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық-атқару заңнамасында тәртіптік жауапкершілік көзделген. Мекеме қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факті СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.