Қазіргі таңда құлап түскен мұржаның қалған бөлігін алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Жаңасы келесі жылыту маусымына дейін орнатылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Мұржаны алып тастау мәселесі бойынша отандық және шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар басқа мұржаларды бастан аяқ жөндеу жоспары әзірленуде. Өйткені келер жылы тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек. Мұржалар соңғы рет 2017 жылы жөнделген болатын,-деді «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры Михаил Косачёв.
Осы ретте экологтар орын алған оқиғадан кейін ауаны тексерген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша қоршаған ортаны ластайтын факторлар тіркелмеді.