Биыл Петропавлдағы аялдамаларға датчигі бар бейнекамералар орнатылады

Авторы: Qyzyljar News

Үстіміздегі жылы облыс орталығындағы көшелерге тағы 188 бейнекамера жүйесі қойылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның 50-і қазірдің өзінде саябақтарға орнатылды. Бейнекамералар аялдамалардан бөлек стадиондарға, ескерткіштердің маңына, аулаларға, саяжай қоғамдарына сондай-ақ, қоқыс төгетін алаңдарға да орнатылады.

— Былғары зауыты, Жұмысшы кенті, Қизатов көшесі бойынша Борки кентінен Солнечный кентіне және Потанин көшесіндегі соңғы аялдамаларға датчигі бар бейнекамералар қойылады. Автобус күтетін орындардың шынысын біреу-міреу сындырған жағдайда, бірден жазып алады. Бейнекамералардың барлығы Ikomek-109 ахуалдық орталығына және Солтүстік Қазақстан облыстық полициясы департаментінің жедел басқару орталығына қосылады, — деді баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz