Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов полиция қызметін реформалау мен сервистік формат жұмысы жайлы баяндады, сондай-ақ биылғы жоспарларын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында — 8, Петропавл жол желісінде 14 жылдамдықты реттеу жүйесі орнатылады. Басты мақсат — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Петропавлда 2 интеллектуалды қиылыс пайда болады. Айдын Қабдұлдинов тікелей эфирде өңір тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді. Азаматтар көбінесе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне қатысты сауалдарын қойды.