СҚО-да 1,7 мың гектар жерге ағаш отырғызылады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1,7 мың гектар аумаққа 6,1 млн ағаш көшеті отырғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов бұл көгалдандыру жұмыстары бірнеше жыл қатарынан жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, өткен жылы 869 гектарға 3,6 миллион көшет отырғызылған.
Ал үстіміздегі жылы мамандандырылған техника мен жабдықтарды сатып алуға бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді.

— Табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру мәселелері бойынша барлық мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жоспарларын қабылдады. Омбы, Қорған және Түмен облыстарындағы әріптестермен тиісті келісімдер жасалды. Орманда зиянкестер ошақтарын анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Орман қорына мониторинг жүргізу мақсатында 8 елді мекенде» Қазақтелеком » АҚ ұялы байланыс діңгектеріне бейнебақылау жүйелерін орнату мәселесі пысықталуда, — деді Бейбіт Исманов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz