Биыл СҚО-да Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристерге арналған 10 нысан ашылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазір курорттық аймақта 40 демалыс базасыбар, олардың алтауы ғана жыл бойы жұмыс істейді.
— Біз кәсіпкерлер мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы бес жылда курорттық аймаққа апаратын 250 шақырымнан астам автомобиль жолдары жалпы сомасы 8 миллиард теңгеге жөнделді. Бұл туристердің жол жүру уақытын 30% — ға қысқартуға мүмкіндік берді. Ақмола облысымен «Лобаново-Зеренді» жолын жөндеу туралы келістік. Айыртау ауданы әкімдігіне қарасты ұлттық парктің орман ішіндегі жолдар жөнделді. Өткен жылы бес жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледік, биыл оларды жөндеуді жоспарлап отырмыз, — деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Дархан Әмрин.