27 наурызда кекушинкай каратеден Қазақстанның 24-інші чемпионаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша 4 жерлесіміз алтыннан алқа тақты. Атап айтар болсақ, Сергей Истомин, Никита Усаренко, Богдан Митрофанов пен Сұлтан Жетпісов өз салмақтарында үздік атанды. Аян Тортаев, Кирилл Казимирский, Рауан Амангелді, Әлішер Нұрғалиевтер күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Владислав Бендеря, Тайыр Атығаев, Біржан Қазбеков, Рустам Райцинов, Вадислав Иванов, Захар Бобрышев, Данияр Болатбаев, Кирилл Дынник қола медальді қанағат тұтты.
Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз 2-нші орынға тұрақтады.