Севказэнерго акционерлік қоғамының баспасөз қызметі Петропавл 2-Жылу электр орталығының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 2-Жылу электр орталығы тұрақты режімде жұмыс істеп тұр және қаланы жылу, электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуде.
— 4 қазандық агрегат және 3 турбогенератор жұмыс істеп тұр. 1 тәулік ішінде энергетиктер тағы 1 қазандықты іске қоспақ. Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін тұрақтандыру бүгін шешілуге тиіс, ыстық сумен жабдықтау толық қалпына келтірілді, электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ, — делінген «Севказэнерго» таратқан хабарламада.