Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Халықаралық театр күніне орай Италия драматургы Карло Гальдонидің «Венециялық егіздер» комедиясы қойылды. Екі егіздің басынан кешкен қызыққа толы оқиғалары көрермендерге күлкі сыйлап, ыстық ықыласына ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Комедия жанрында көрсетілген қойылымнан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов ұжым өкілдеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Олардың ішінде театр актерлері Әділжан Каримов, Асылхан Разиев, Айбол Қасым және жарық беру цехінің меңгерушісі Балғабай Ниязов бар. Ал әртістер — Нұрбол Асқаров, Гүлдана Асқарова, Жанар Насырова, Құртқа Мусина мен жарық беру цехінің меңгерушісі Нұрхан Кожакин облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Сондай-ақ, қара шаңыраққа мерекеге орай 500 мың теңгенің сертификаты табыс естілді.
Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында да Халықаралық театр күніне орай «Ертеңгі күнге жол бер!» спектаклінің премьерасы өтті.
Қойылымнан соң облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Абдриисов актерлерді театр күнімен құттықтады.