С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Венециялық егіздер» қойылымы сахналанды

Авторы: Qyzyljar News

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Халықаралық театр күніне орай Италия драматургы  Карло Гальдонидің  «Венециялық егіздер» комедиясы қойылды.  Екі егіздің басынан кешкен қызыққа толы оқиғалары көрермендерге күлкі сыйлап, ыстық ықыласына ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Комедия жанрында көрсетілген қойылымнан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов ұжым өкілдеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Олардың ішінде  театр актерлері Әділжан Каримов, Асылхан Разиев, Айбол Қасым және жарық беру цехінің меңгерушісі Балғабай Ниязов бар. Ал   әртістер —  Нұрбол Асқаров, Гүлдана Асқарова, Жанар Насырова, Құртқа Мусина мен жарық беру цехінің меңгерушісі Нұрхан Кожакин облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Сондай-ақ, қара шаңыраққа мерекеге орай  500 мың теңгенің сертификаты табыс естілді.

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында да Халықаралық театр күніне орай «Ертеңгі күнге жол бер!» спектаклінің премьерасы өтті.

Қойылымнан соң облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Абдриисов актерлерді театр күнімен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz